Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй салудан бірінші орында

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Қазақстанда 1 тұрғынға шаққанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,81 шаршы метрге жетті.

Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде – 0,56 шаршы метр, Беларусьте – 0,45 шаршы метр, Өзбекстанда бір адамға – 0,36 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бері өлшеніп келеді. Екінші жыл қатарынан Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр. 2020 жылы 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш. 2019 жылдың көрсеткішінен 16,8 пайызға артық.