Bugin

Германияда әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

Шаңғыдан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар жарыстың бос трибуналар алдында өтетінін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеп хабарлайды.

Әлем чемпионаты 2021 жылы 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында Германияда өтеді.

«Жарысқа аздаған жанкүйер қатысады деп жоспарланған. Алайда пандемия салдарынан жоспар іске аспады. Нәтижесінде сатылған билеттер қайтарылады. Ұйымдастырушылар чемпионатты тікелей эфир арқылы тамашалауға мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

Чемпионат аясында шаңғымен сырғанау, трамплинінен секіру және скандинавиялық спорт түрлері бойынша 23 жүлде ойнатылады.