Әлем жаңалықтары
Бұл туралы ел басшысы Эмомали Рахмон айтты
Тәжікстан коронавирусты жеңді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Тәжікстанда коронавирус жоқ, толығымен көзі жойылды", - деді мемлекет басшысы.
Алайда ел президенті жергілікті тұрғындар санитарлық талапты сақтап жүруі керегін айтты.
"Босаңсып, қауіпсіздік және қоғамдық гигиена шарасын ұмытпауымыз керек", - деп мәлімдеді Эмомали Рахмон.
Оның айтуынша, Тәжікстан өткен жылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау мақсатында 1,6 миллиард сомони бөлінді. Елде шұғыл түрде 30 аурухана пайдалануға берілген.
Тәжікстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы 15 күнде коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. Жалпы, ресми дерек бойынша, Тәжікстанда 13 мың адамнан коронавирус анықталса, 90 адам қайтыс болған.