Bugin
Диснейплюс ресми сайтының хабарлауынша, осыған дейін Уолт Дисней студиясында түсірілген мультфильмдердің бірнешеуін балаларға көрсетуге тыйым салынады
Диснейплюс ресми сайты осыған дейін Уолт Дисней студиясында түсірілген мультфильмдердің ішінен «Питер Пэн» мен «Дамбо» мультиктерінің онлайн көрілімін бұғаттады. Неге? Әлем назарын аударған туындыларды көрсетуге тыйым салынуының басты себебі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік немесе нәсілшілдіктің кең сипатталуына байланысты деп көрсетілген.
Сервис 7 жасқа толмаған балаларға «Дамбо», «Питер Пэн», «Аристократ мысықтар», «Швейцариялық Робинзондар әулеті» мультфильмдерін көруге тыйым салса, ересектерге көрілім алдында «жөнсіз ақпараттар көрсетілуі мүмкін» деген ескерту жасалынатынын атап өтті.
Мәселен, Disney ресми сайтында “Питер Пэнде» үндістерді «қызылтерілілер» деп кемсітетінін, ал «Дамбода» ақ нәсілді мен қара нәсілді актерлық құрам арасында нәсілшілдіктің белгілері бар екенін түсіндіріп жазған. «Аристократ мысықтар» да нәсілшілдікті сипаттайтын туындылар қатарына енді. Қысық көзді Шун Гон мысыққа айналасының нәсілшілдік көзқараста болуының себебінен кішкентай балаларға көруге тыйым салынды.
Бүкіл әлем онлайн медиа контентке сұранысты арттырғандықтан Диснейдің балалар контентіне мән беруі үлкен өзгерістің бір бастамасы.Балалар әдебиеті де Диснейден үлгі алса дейміз.