Bugin

6 миллион теңге бір шенеуніктің көлігіне жұмсалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандық шенеуніктерге арналған қызметтік көліктердің санын азайтуға бұйрық берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қомақты бюджеттік қаражат орталық органдардың басшылығына арналған көлік паркін ұстауға жұмсалады. Осылайша, орташа есеппен бір машинаны ұстауға алты миллионнан астам теңге жұмсалады», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бірқатар елдер жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы тәжірибесін енгізген.

«Біз бұл тәжірибені бірқатар мекемелерде қолданамыз. Атап айтқанда, елорда әкімдігінде. Бұл тәсіл "Самұрық-Қазына" қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартып, әкімшілік шығындарды 1,5 млрд теңгеге азайтты. 

Үкіметке Президенттің мүлкін басқару департаментімен бірге мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етудің жаңа схемасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, олар елеулі қысқартуды қажет етеді », - деп қосты ол.