Ойындар
Балаға тәтті балалық шақ сыйлау үшін, жан-жақты даму үшін әртүрлі ойыншықтар алып береміз. Сол ойыншықтардың кейбіреуі балаңыздың денсаулығына, дамуына зиян тигізетінін білесіз бе?
Ойыншықты таңдар кезде неге аса назар аудару керек?
Ойыншықтың материалына
Табиғи жүннен немесе былғары шикізатынан жасалған ойыншықтарды таңдамаңыз. (3 жасқа дейін ұсынылмайды).
Ал жұмсақ ойыншықтарда шаң көп жиналатын болғандықтан бала инфекция жұқтыруы мүмкін. Бұл бала денсаулығына тікелей әсер етеді. Қауіпсіз материалдан жасалған ойыншықты таңдауға тырысыңыз. Ол үшін нұсқаулыққа назар аударыңыз.
Пішіні және түсіне
Ойыншықтың пішіні үшкір немесе қырлы болмағаны дұрыс.
Ойыншықтың түсі табиғи болғаны жөн. Яғни күнделікті айналасынан көріп жүрген өзіне таныс түсті ойыншық болса, бала қызығушылықпен ойнайды. Баланы шошытатын түсті ойыншық болмағаны абзал.
Ойыншықтың иісіне
Ойыншықтың иісі өткір және тітіркенетін иіс болмасын. Ересек адамға қарағанда баланың сезімталдығы жоғары екенін ұмытпаңыз.
Шынайы кейіпкер ұсыныңыз
Ойыншық таңдағанда аңдардың, құстардың, қуыршақтың кескінін шынайы бейнеленгеніне мұқият болыңыз. Психологиялық түрде баланың дамуына әсер етеді.
Қосымша: Ойыншықтың кез келген кішігірім бөліктері мықты орнатылғанына мұқият болыңыз.