Hi-Tech
"Atari" компаниясы туралы қызықты деректерді ұсынамыз
«Atari» VCS, кейінірек «Atari 2600» деп аталып кеткен ойын приставкасы 1977 жылы пайда болды. Аталмыш компания картридждердегі ойындарымен танымал болған. Компания негізін қалаушы – америкалық инженер және кәсіпкер Нолан Бушнелл. 1980 жылдары «Atari» сөзі Құрама Штаттарда «Atari 2600» -бен синоним ретінде қабылданды. Бұл құрылғы екі джойстикпен немесе екі рейдтік контроллермен және бір ойынмен жабдықталған - алдымен бұл Combat, содан кейін Pac-Man ойыны болатын.
Сонымен, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы приставкасы болған «Atari» жайлы сіз білмеген 5 фактіні назарларыңызға ұсынамын.
№1 факт: «Atari» компаниясы бес жүз бакспен құрылған
Нолан Бушнелл ойын-сауық индустриясын жақсартуға тырысты. Осы идеядан Atari компаниясы пайда болды. Қалтасындағы бес жүз долларымен Бушнелл өзінің алғашқы қызметкерін жалдайды. Ол талантты инженер - Алан Алькорн болатын. Алан осы жолда тәуекел етіп қана қоймай, сонымен қатар өз қолымен Pong прототипін жинады.
№2 факт: жас «Atari» компаниясының фокус тобы кафе қонақтары болды
Pong-тың сынақ үлгісі жиналғаннан кейін, Бушнелл мен Алькорн алдында «бұл құрылғының табысты болатынын қалай түсінуге болады?» деген жаңа сұрақ пайда болды. 1970-жылдардың басында «Atari» сияқты жас компанияларға арналған зерттеулер жүргізетін компаниялар жоқ еді. Сондықтан жаңа жобаларды жасап, оларды тестілеу үшін екеуіне жаңа жоспар керек болды.
Алькорн мен Бушнелл кафе иесімен келісіп, құрылғыны мекемеге апарып, оны орнатып, процесті бақылау үшін үстелдердің біріне отырды. Алғашында қонақтар жаңа құрылғыға мүлде назар аудармады. Кейін біреуі, екіншісі, үшіншісі ойнауға кірісті ...
Бәрі жақсы болатынына көз жеткізгеннен кейін Алан мен Нолан үйіне қайтты. Таңертең оларға қоңырау соғылды - мекеме иесі Pong-тың сынақ нұсқасы бұзылғанын айтты. Екеуі кафеге барып, құрылғынын сынбағандығына, тек ақша қабылдай алмайтындығына көз жеткізді. Себебі монета қабылдағыш лық толы болды.
№3 факт: «Atari» ойын автоматтарын үйге көшірді
Бір сәтте Нолан Бушнелл мен Алан Алькорн олардың бизнестері бір қалыпта қалып қойғандарын түсінеді. Содан кейін Бушнелл Pong теледидар нұсқасының коммерциялық партиясын құру туралы келісімшартқа қол қойды. Процесс басталды және нәтиже ұзаққа созылды. «Біз тек бір ғана коммерциялық қызметті көрсеттік, содан кейін оны бәрі қолдана бастады», - дейді «Atari»-дың негізін қалаушы Нолан Бушнелл сұхбаттарының бірінде.
№4 факт: «Atari» компаниясы дұрыс маркетинг саясатын жүргізді
Ең алдымен, «Atari»-дың жұмысының сапасы құрылғының танымалдылығынан көрінді. Сыртқы корпоративтік құлдырауға қарамастан, компания ішінде монолитті механизм болды, оның әрқайсысы толық тиімділікпен жұмыс істеді. Барлық қызметкер көп еңбектенді: құрастыру желісіндегі адамдар, менеджерлер, әсіресе маркетологтар. «Atari» қызметкерлерінің шығармашылық нәтижесі Space Invaders-тың үй нұсқасын шығаруы болды.
№5 факт: «Atari» бірнеше рет иесін өзгертті
«Atari» компаниясы ойын индустриясының тарихын жасаушы компания ретінде ғана емес, сонымен қатар бірнеше рет иесін өзгерткен коммерциялық ұйым ретінде танымал болды.
Аталмыш компания ойын приставкасының өндірісін 1992 жылы ресми түрде тоқтатқан болатын. Әйтсе де, «Atari» өмір сүруін тоқтатса да, осы құрылғыға арналған әуесқой ойындар әлі де болсын шығарылады.