Bugin

Үндістан TikTok-тен неге қауіптенеді?

Бұғатталған қосымшалардың жалпы саны екі жүзден асады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан TikTok-ты және 58 Қытай қосымшасын бұғаттады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Үндістанның Economic Times басылымына сілтеп хабарлайды.

Үндістанның Ақпараттық технологиялар министрлігі қытайлық қосымшалардың қызмет қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтынын хабарлады. 

Үндістан үкіметі 2020 жылдың маусымында Қытайдың 59 қосымшасын уақытша бұғаттаған. 2020 жылдың қыркүйегінде Үндістан үкіметі тағы 118 қосымшаға тыйым салды. Ал қарашада 43 жаңа қытайлық мобильді қосымшаны бұғаттады. Бұл тізімге AliExpress онлайн-сауда сайты кірді.

Билік бұл шешімін «Қытайдың мобильді қосымшалары Үндістанның егемендігі мен тұтастығына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке де қауіп төндіреді» деп түсіндірді.

Тыйым салынған бағдарламалар тізіміне TikTok, WeChat әлеуметтік желісі, Weibo микроблог қызметі және басқа да қосымшалар (UC Browser Alibaba және UC News, Shein, Club Factory, Likee, Bigo Live, Kwai, Kings Clash және Cam Scanner және т.б.) кірді.