Саясат

Навальный: "Путин бір фактіні де жоққа шығарған жоқ"

Навальный Путиннің жауабына қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алексей Навальный Владимир Путиннің сарай жайлы жауабына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Путин «Дворец для Путина. История самой большой взятки» шулы ролигіне қатысты өз жауабын айтты. Видео 19 қаңтарда желіге таралып, қазіргі уақытта 93 миллион қаралым жинады.

«Менің меншігім ретінде көрсетілген нысандардың ешқайсысы маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған», - деген еді Ресей басшысы онлайн-кездесу барысында студенттердің сұрағына жауап беріп.

Келесі күні Навальный сайтында Путиннің жауабына қатысты көлемді мақала шықты.

«Оның қалай жұмыс жасайтынын қараңыз. Біз зерттеуімізді жарияладық. Оны бір апта ішінде 90 миллионнан астам адам көрді. Ал Путин қанша қашқақтағанымен бізге жауап беруге мәжбүр болды. Енді осы жоспарымызды жиілетуіміз керек»,- деді Навальный.

«Президент жауабының бір аптаға кешігуінің тек бір себебі бар. Ол – президенттің әкімшілігі барлық күш-жігерін салып Путинге қарапайым үй іздеуге көшуі.  Рязань облысындағы кішкентай қарапайым коттедж. Путин халықтың осы қарапайым үйді көргенін қалайды. Алтын, үш бөлмелі пәтердің бағасына тең жиһаздары бар үй туралы естімегендей  болып отыр. Бірақ қазір оның өмір сүріп жатқан үйі қандай екенін бәріміз білеміз», - дейді саясаткер.

«Жалпы, ол зерттеуге мардымды жауап қайтармады. Путин бір фактіні де жоққа шығарған жоқ», - деп қорытындылады Навальный.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61