Әлем жаңалықтары

Қытай коронавирус жайлы қандай шындықты жасырды?

ДДҰ сарапшылары Қытайда зерттеу жүргізіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы көктемде Қытайдың Ухань институтының ғылыми базасының көзі жойылған. Ол жерде  қытайлық ғалымдардың пандемия басталғанда немен айналысқанын білуге болатын құнды деректер сақталған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы NBC News- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, жалпы мәліметтер базасында 20 мыңдай ақпарат болған. Ухань зертханасының жоғары шенді қызметкерлерінің бірі бұл іс  "қауіпсіздік мақсатында" жасалғанын айтады. 

Бұған дейін COVID-19 туралы шындықты жазбақ болған журналистер де қамауға алынған еді.

ДДҰ сарапшылар тобының мүшесі Питер Дасцак қытайлықтар ешкім білмейтін құпия ақпараттармен бөлісіп жатқанын айтады. 

"Бұл ғылыми сапар саяси астар және кінәліні табу мақсатында жасалған сияқты", - дейді сарапшы.   

Одан бөлек, қытайлық вирусологтар вирус Қытайдан тарап бастамағанын айтады. Оның ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар.

Маман NBC News тілшісінің "вирус Уханьнан тарады деп ойлайсыз ба?" деген сұрағына "жоқ" деп жауап берген.  

Ал ДДҰ-ның атқарушы директоры Майкл Райанның сөзінше, вирустың қайдан пайда болғаны туралы айтуға әлі ерте.