Әлем жаңалықтары

Байден Навальныйдың жағдайы үшін алаңдады

Бұл туралы Байден Путинмен телефонмен сөйлескен кезінде айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинмен алғаш рет телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Америка дауысы" сайты Байденнің АҚШ-тың Ресеймен саясатын түбірімен өзгертуге уәде бергенін еске салды.

АҚШ президенті әңгіме барысында Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың қамалуына және Қырым мәселесіне алаңдаушылық білдірген. Екі басшы ақпан айында мерзімі аяқталатын ядролық стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы келісімді (СНВ-3) ұзартуға дайын екенін жеткізген.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден Украинаның егемендігін қолдайтынын атап өткен. Бұған қоса, "Ресей арнайы қызметі Ауғанстандағы АҚШ сарбаздарын өлтіргені үшін талибандарға ақшалай сыйақы ұсынды" деген ақпаратты толығымен талқылаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61