Bugin

Белоруссияда митингке шыққандарды ұстап жазалайтын лагерь салынды

Бір күнде түрмені құрып, бұзып тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белоруссияда сырты тікенек тормен қоршалған, алып дуалы бар, күзетшілері итпен жүретін лагерь бар. Билік оны көрнекі көзден жасыру үшін емдік сауықтыру кешені деп ресми атаумен атап, саяси тұтқындар түрмесін салған. Мұны Радио Свобода-ның Белоруссиядағы қызметінің саяси тұтқындардан алған сұхбатынан белгілі болды.

Басылымның хабарлауынша, лагерь Минск қаласынан 100 шақырым жерде, Слуцк қаласы маңында. Орман арасында салынған түзету мекемесінің картадағы ресми атауы – маскүнемдер мен нашақорларды емдеуге арналған №3 еңбек-сауықтыру профилакториясы.  

Алайда жазасын өтеушілердің айтуынша, бұл мекеменің миссиясы басқа. Билік оны тамыз айының ортасында саяси тұтқындарды жазалауға арналған лагерьге айналдырып, наразылыққа шыққандарды ұстап әкетіп осында тоғытқан.

"Түрменің іші тас қараңғы. Жарық жоқ. Қамаған адамдарды қатарға тұрғызып жүргізеді. Басты көтеруге болмайды. Маңайымызда қару ұстаған адамдар мен иттер жүргенін ғана көрдік", - дейді жазасын өтеуші Змитера Хведарука.

Оның айтуынша, лагерьді құқық қорғау органдары бір түнде тұрғызып үлгерген.

"Ұсталған күні уақытша ұстау изоляторына қамалдық. Шамамен, 150 адамдай болдық. Ұйықтар алдында терезенің ашық, қоршаудың алыста екенін, маңайымызда орман барын көргенбіз. Ал таңертең тұрсақ, терезе де, қоршау да тікенек тормен қоршалып тұр. Бүкіл қоршауды тікенек тормен шырмақ тастаған. Яғни, тікенек дуалды бір түнде тартып, маңайдағы барак үйлерді қоршап үлгерген", - дейді Змитер.

Ал шипашайда жатқан науқастарды жылдам басқа мекемеге ауыстырып, 12 тамыз күні сауықтыру кешенін әскери казармаға айналдырған. 15 тамыз күні лагерьдегілерді босатып, түрмені қайта бұзып тастаған.

Белоруссия билігі әзірше бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.