Спорт

«Қазақ Месси» өзін көрсете алмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Қайраттан» кетеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Алматылық клуб қазіргі келісімшартқа қарамастан "Қазақ Мессимен" қоштасуға дайын екенін атап өткен. Ал инсайдер Айдын Қожахмет бұл мәселеге қатысты телеграм арнасында пікір білдірді. 

«Соңғы кезге дейін ең талантты қазақстандық футболшы саналған Еркебұлан Сейдахмет "Қайратқа" қажет емес. Егер оған қызығушылар болса, Сейдахметпен қоштасуға дайын», - деп жазады Қожахмет.