Bugin

Тоқаев: "Сайлаудағы жеңісіңіз халықтың сізге деген сенімінің арқасы"

Тоқаев Португалия Президентін қайта сайлануымен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Марсель Ребела де Соузаны Португалия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ақордаға сілтеп хабарлайды.

"Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз халықтың сізге деген сенімінің арқасы. Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және беделін арттыруға деген бағытыңыздың көрінісі. Біздің бірлескен күш-жігеріміз Қазақстан мен Португалия арасындағы достық пен саяси, сауда-экономикалық және мәдени қатынастарды күшейтетініне сенімдімін" делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Португалия Республикасының Еуропалық Одақ Кеңесіндегі төрағалығына табыс тіледі.