Bugin

"Қасым хан" фильмін түсіргендер түрмеге қамала ма?

"Қасым хан"сериалының түсірілімінен 30 миллион теңге ұрлағандар қалай жазаланды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда "Қасым хан" тарихи хикаясын түсіруге бөлінген 30 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Информбюроға сілтеп хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша  "Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазақфильм "АҚ" Қасым хан" киножобасы филиалының директоры Ахметовке және өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, пайдакүнемдік мақсатта аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті жымқырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды".

Күдіктілер тарихи сериалдың түсірілімінде пайдалану үшін пиротехниканы сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңгені жымқырғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілер "Қазақфильм" АҚ-на келтірілген залалды толық көлемде өтеген. Айыпталушылар ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1,2-тармағы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу немесе ысырап ету" бойынша үкім шығарылды.

"Қасым хан" киножоба филиалының бұрынғы директоры екі жылға бас бостандығынан айыру, оның екі серіктесіне үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.