Экономика

Зейнетке шығу жасы төмендей ме? Министрлік жауап берді

Зейнетке шығу жасын жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендету мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Александр Милютин Парламентке осындай ұсыныс тастаған болатын. Ал Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесінің күн тәртібінде бар-жоғын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Қолданыстағы заңға сәйкес, ерлердің зейнетке шығу жасы – 63 жас, ал әйелдер 60 жаста шығады.

“Мұндай қорытынды Қазақстанда белгіленген зейнеткерлік жас пен халықаралық әрі отандық сарапшылар жүргізген зерттеулері нәтижесіндегі ұзақ мерзімді болжамдарға негізделген. Қазақстандағы зейтенке шығу жасы халықаралық тәжірибеге, әлемдегі экономикалық, демографиялық жағдайға сәйкес келеді. Сол себепті бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ”, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.

Елімізде үш түрлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Олар: зейнетақы төлемдері, базалық және жинақтаушы төлемдер. Ал зейнетақының жалпы мөлшері еңбек өтіліміне байланысты. БЖЗҚ-дағы зейнетақы мөлшері жеткілікті болса, зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалануға болады.

Ер адамдар 55 жастан, ал әйелдер 52 жастан бастап өмірінің соңына дейін зейнетақы төлемдерін заң жүзінде алуына мүмкіндік беретін жалғыз қаржы құралы зейнетақы аннуитеті деп аталады. Бірақ, зейнетақы аннуитетін сатып алғысы келетін адамның зейнетақы қорында жеткілікті ақшасы болуы тиіс деген шарты бар. Жеткілікті соманың мөлшерін Ұлттық банк белгілейді. 2020 жылы ер адамдарға 10 млн 800 мың теңге, әйел адамдарға 14 млн 800 мың теңге белгіленген.