Bugin

Ленин қарапайым иммигрантқа айналды

Украинада Лениннің бірде-бір ескерткіші қалмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украиналықтар Лениннің елдегі соңғы ескерткішін жойды. Бұл туралы “Декоммунизация. Украина” қозғалысының белсендісі Вадим Поздняков Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Соңғы ескерткіш Одесса облысы Ескі Трояна селосында болған. Енді Лениннің ескерткіші болгар иммигрантына айналып шыға келді. Бұрынғы СССР көсемінің мүсініне ұлттық болгар киімін кигізіп. Қолына жүзім бұтағын ұстатып қойған.

Белсенділер “революционердің ескерткіші қалмады” деп халықтан сүйінші сұрап, бірін-бірі құттықтасып жүр.

2015 жылдың мамырынан бастап Украинада декоммунизация туралы заң күшіне енді. Заңға сәйкес, елде СССР-дің қалдығы қалмауы тиіс. Көшелердің аты ауыстырылып, ескерткіштер бұзылған.