Bugin

Қорғаныс министрі жемқорлықты түбімен жойғысы келеді

Қазақстан армиясын азат ету

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 2021 жылы әскери саладан бірде-бір жемқорлық қылмыстық шықпауын қадағаламақ. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Azattyk ryhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін ведомства қабырғасында аппарат жиналысы өтіп, жемқорлықпен күресудің шаралары пысықталған. Отырыс барысында әскери саладағы кез келген жемқорлықтың алдын тию, жолын кесу бойынша қатаң шаралар қолданылатыны сөз болды.

"Біздің мақсатымыз – қазақстан армиясын жемқорлықтан толық азат ету. Жемқорлық істерін азайту емес, түпкілікті жою. Бұл жұмысымыздың нәтижесін қорытынды сандар көрсетуі тиіс", - деді ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс ведомствасының басшысы ҚР Қорғаныс министрлігінің жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы, генерал-лейтенант Тимур Дандыбаевқа, әскери полиция басқармасының басшысына, Қарулы күш бас қолбасшыларына, аймақтық қолбасшылық басшыларына жемқорлықтың алдын алу бойынша жеке тапсырмалар берді.

Оларға алдына қойылған міндет – 2021 жылы бірде-бір жемқорлық әрекеті болмауы тиіс.