Bugin
Сахара шөліне қар жауған десем, сенесіз бе? Назарыңызға қызықты мәліметтерді ұсынып, оның шын-өтірігін тексерейік.
1.Билл Гейтсті кішкентай кезінде "Con" деп мазақтағандықтан, Windows бағдарламасында дәл осындай атаумен жаңа папка ашуға болмайды.
ҮКІМ: ШЫНДЫҚ.
Windows бағдарламасында «Con» папкасын ашу мүмкін емес. Дәлел ретінде келесі суретке назар аударыңыздар.
Көкейіңізде «Con» сөзі қандай мағына береді?» деген сұрақ туындаса, назарыңызға аудармасын ұсынамыз.
«Con» сөзі «Против», яғни «Қарсы» деген мағынаны білдіреді.
2. 1979 жылы 18 ақпанда Сахара шөліне қар жауған.
ҮКІМ: ШЫНДЫҚ.
Желідегі мәліметке сүйенетін болсақ, 1979 жылы 18 ақпан күні Сахара шөлінде бірінші рет қар жауған.
3. Шекспир пен Сервантес бір күнде қаза тапқан - 1616 жылдың 23 сәуірінде.
ҮКІМ: ШЫНДЫҚ.
Мәліметтерге жүгінетін болсақ, Уильям Шекспир де, Мигель де Сервантес те 1616 жылы 23 сәуірде қайтыс болды. Дәлел ретінде келесі суреттерге назар аударыңыздар.