Әлем жаңалықтары
Әлем бойынша пандемия басталғалы 100 миллионға жуық адам вирус жұқтырды
Microsoft-тің негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс келесі пандемия жайында пікір білдірді. Айтуынша, әлем алда келетін пандемияға дайын емес. Себебі ол Covid-19-дан әлдеқайда қауіпті.
“Екі жылдан кейін жағдай өзгереді деп үміттенемін. Вакциналар, тесттер, эпидемиология, мониторинг, медикамент – жалпы істейтін шаруа көп”, - деді Гейтс Süddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында.
Гейтстің ойынша, бүгінде Covid-19 өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен.
“Биліктің міндеті – халықты қиындықтардан алып шығу. Егер билік дайын болғанда, әлем вирусты ертерек жеңетін еді. Көрініс бүгінгідей болмас еді. Медицина жақсы дамығанда инфекциян жұқтырғандар бірден анықталып, өлім саны да азаяр еді. Әсіресе АҚШ-та”, - деді миллиардер.
Айта кетейік, әлем бойынша пандемия басталғалы 100 миллионға жуық адам вирус жұқтырды, 2,1 миллионы көз жұмды. Пандемиядан зардап шеккен мемлекеттер қатарында АҚШ, Үндістан және Бразиялия алдағы орында.