Әлем жаңалықтары
«Ақырзаман сағатының» тілі түн ортасына дейінгі 100-ші секундта тоқтады
Бұл туралы жобаның ресми сайты хабарлады деп жазады Bugin.kz платформасы.
Сағат тілінің қозғалысы негізінен ядролық соғыс қаупінің деңгейін әрі климатқа қатысты қауіпті көрсетеді. Ал бүгін адамзат баласының басына төнген ең үлкен қауіпт ретінде коронавирус пандемиясы аталды. Әлемге тигізген кері әсері әлі ұзақ жылдарға жалғасады деп болжанды. Алайда мамандар Covid-19-дың цивилизацияны жоя алмайтынына сенімді.
“Дегенмен пандемияның салдарынан ұлттық үкіметтер мен халықаралық ұйымдар ядролық қаруды басқаруға және климаттың өзгеруіне қарсы тұруға дайын емес”, - делінген құжатта.
Мәлімдемеде көрсетілгендей, 2020 жылы ядролық қаруы бар мемлекеттер модернизация үшін қомақты қаржы жұмсаған.
“АҚШ, Ресей және өзге де мемлекеттер ядролық қарудың тек “пайдасын” көргісі келеді. Дәл осы түсінік – қаіупті”, - деп жазылды құжатта.
Сонымен қатар жобаға қатысушылар Солтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия елдерінде, сондай-ақ Таяу Шығыста ядролық қаруға деген қызығушылықтың артуына алаңдап отырғанын мәлімдеді.
Қорытындылай келе коронавирус пандемиясын адамзатқа жіберілген белгі деп атады: «Егер басшылар мен институттар ауқымды реформаларды жүзеге асырмаса, әлемді бұдан да мүшкіл жағдай күтіп тұрғанының белгісі».
Соңғы рет «Ақырзаман сағатының» тілі 2020 жылдың басында 20 секунд алға жылжыған. Бұдан соң АҚШ Иранмен ядролық келісімнен шығып, ядролық қауіп артқан болатын. Бұған қоса климаттың өзгеру де орын алды.
Айта кетейік, «Ақырзаман сағаты» 1974 жылы пайда болды. Сағат тілінің қозғалысы ядролық соғыс пен климаттық апаттың уақытын көрсетеді.