Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Осы арманға жету үшін көптеген құрбандық болды. Ата-бабаларымыз, жас азаматтарымыз аянбай тер төгіп, өз өмірін қатерге тікті. Олар өз басын ойламады, тек ұлт болашағы, ертенгі таңымыз шуақты, нұрлы болсын деп күресті. Тәуелсіздік алуға арқау болған Желтоқсан оқиғасын әрбір "қазақпын" деп жүрген азамат білуі тиіс.
Тәуелсіздікке жету жолында талай қазақтың қаракөз қызы мен ержүрек жігіті құрбан болды. Сол жолда ерен ерлігімен қаза тапқан әпке-ағаларымызды ұмытпаймыз. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Осы азаматтардың арқасында біз тәуелсіз, бейбіт мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. Тек біз ғана қуанбадық, жеке-дара республика болып құрылғанымызға қуанған, ең алғаш мойындаған Түркия елі еді. Биыл тәуелсіздік алғанымызға жиырма тоғыз жыл толып отыр. Осы жиырма тоғыз жыл ішінде экономикасы дамыған, өзінің нақты шекарасы бар, тарихы бар, салт-дәстүрі бар, тәуелсіз ел болып отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енді, алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына кіруге деген талпыныс, мақсат, арман бар.
Жыл сайын 16 желтоқсанда біздің еліміз тәуелсіздігін атап өтеді. Көптеген іс-шара ұйымдастырылады. Сондықтан әрбір адам тәуелсіздіктің онай жолмен келмегенін есте сақтау керек.
Қазақстан – ұлан-байтақ жері бар, табиғаты керемет еркін мемлекет. Өзіміздің дініміз, тіліміз, желбіреген көк туымыз, айбынды асқақ елтаңбамыз және әні әуезді әнұрнамыз бар. Қазақстанда 130 мыңнан астам өзге ұлт өкілі бейбіт, тыныш өмір сүріп жатыр. Қазір еліміз аяғына нық тұрған, ең алғашқы жылы көп қиындық болды, бірақ сол қиындықтарды бірлесе отырып жеңіп шықтық.
Тәуелсіздік – қазақ халқының жылдар бойғы арманы.