COVID-19

Коронавирусты 15 минутта анықтауға болады

Оны үй жағдайында да қолдануға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғалым әрі кәсіпкер Болат Сұлтанқұлов коронавирусты үй жағдайында анықтайтын экспресс-тест жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Өнертабыс синтетикалық наноденелерге негізделген, оларды қазақстандық ғалымға швейцариялық зерттеушілер берген. Экспресс-тест жасауға алты ай уақыт кетіпті.

Бұл тест 15 минут ішінде адамда коронавирус бар-жоғын анықтайды және өзге жабдықты қажет етпейді. Тесттің ерекшелігі: ол антиденелерді емес, вирустың өзін анықтайды. Сондықтан ол ауруды симптомдар пайда болғаннан кейін бірден табады.

Енді коронавирусты анықтайтын экспресс-тестті тексеріс пен сараптамадан өткізу керек, егер ол тиімділігін көрсетсе, жақында өндіріліп, сатып алуға қол жетімді болады. Ғалым енді өнертабысының тиімділігін растау үшін Денсаулық сақтау министрлігімен, Дәрі-дәрмектердің ұлттық сараптама орталығымен және басқа да зертханалармен келіссөз жүргізбек. Оның айтуынша, тест ПТР-анализіне қарағанда арзан әрі қолжетімді болады.

Болат Сұлтанқұлов жеті жылдан бері регенератив медицина саласындағы зерттеулермен айналысады. Назарбаев Университетінде PhD докторантурасын аяқтаған, ал бакалавриатты "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде тәмамдаған.