Bugin

Ғарышқа тек миллионерлер ұша ма?

2022 жылдың басында Axiom Space компаниясы SpaceX-тың Crew Dragon кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына баратын туристердің есімін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы The Washington Post басылымына сілтеп хабарлайды.

Туристік экипаж 4 адамнан тұрады: Эйтан Стиббе — кәсіпкер және Израиль әуе күштерінің бұрынғы ұшқышы, Марк Пати — Mavrik Corp инвестициялық компаниясының атқарушы директоры, Ларри Коннор — Connor Group-тың басқарушы серіктесі. Төртіншісі Майкл Лопес-Алегрия оларды ұшу кезінде басқарады. Ол — NASA-ның бұрынғы ғарышкері, Axiom Space-тің вице-президенті. Майкл Лопес-Алегрия ғарышқа 4 рет барып, құрамның миссияға дайындығын бақылайды.

Солдан оңға қарай: Эйтан Стиббе, Майкл Лопес-Алегрия, Марк Пати және Ларри Коннор

Топ мүшелері қауіпті біле тұра ұшуға дайын. Ұшу Канавералда жоспарланған. Ал билет құны 55 миллион долларды құрайды.

Axiom Space ғарышқа ұшуды адамдар үшін қолжетімді етпек. Компания болашақта туристерді жылына екі рет ғарышқа жіберуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзінің ғарыш станциясын құрмақ.

NASA бұған дейін жеке тұлғалардың ғарышқа ұшуына тыйым салған. Өйткені 1986 жылы турист пен 6 ғарышкер ұшқан "Челленджер" ғарыш кемесі жарылды. 2019 жылы компания бұл шешімін өзгертті.