Қоғам
Қуат Хамитов сот отырысында соңғы сөзін айтты
Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Қандай жаза тағайындалса да, мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын. Себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов.
Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын.
"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді.