Экономика
Қолдағы ақшаңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін
Ұлттық Банк 2021 жылдың 1 ақпанын 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайтын және ауыстыратын соңғы күн екенін еске салады. Айырбастау тек қана жеке тұлғалар үшін Ұлттық Банктің филиалдарында ғана жүргізіледі. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары сайтта көрсетілген.
Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып, 2021 жылдың 1 ақпан күні сағат 15:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру керек.
2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.
Қосымша сұрақтарды1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығынан алуға болады.