Қазақстан жаңалықтары

Семейде қара қар жауды. Жауапты кім?

Семейде қара түсті қар жауып, тұрғындар шағымданған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік экологтар Семейде жауған қара қардың себебін түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне сілтеп хабарлайды.

ШҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері жоспардан тыс экологиялық тексерістер жүргізді. Зерттеу нәтижесі бойынша, жылу электр орталығы жұмысының тиімсіздігінің әсері екені расталды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖЭО-да тексеру 2020 жылдың желтоқсанынан бері жүргізілді. Экологиялық залал шығыны 61 миллион теңгеден асты. Ал айыппұл сомасы 15 миллионнан асады.

Зерттеу нәтижелері бойынша, мына белгілер анықталды:

  • ЖЭО газ құбырларында бейорганикалық заттардың шығыны қалыпты нормадан 27 есе артқан;
  • Ішкі өндірістік бақылау жүргізілмеген:
  • Газ құбырлары жарамсыз;
  • Кейбір газ құбырларындағы сынама алу орындары тесіктермен жабдықталмаған;
  • ЖЭО-да газ тазарту қондырғыларының жұмыс режимі мен пайдалану тәртібі, қондырғылардың жұмыс тиімділігін тексеру актісі, жабдық құжаты сынды техникалық құжаттар болмаған;
  • Көміртегінің шығуы нормадан 1,78 есе, бейорганикалық шаңның 1,84 есе артуы;
  • БЦ-56 қондырғысының тиімсіз жұмысы анықталды.

Электр сүзгілері жұмысының тиімділігін арттыру үшін техникалық нұсқау берілді.

"26 қаңтардан бастап "Теплокоммунэнерго" МКК-ның өндірістік алаңдарына қатысты экологиялық тексеру басталды. Тексеру процесі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ерекше бақылауында" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік жылыту маусымын тұрақты режимде аяқтау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: @dailymail.co.uk