Жарқанаттың ұясы несімен бағалы?

5000 доллар тұратын жарқанат ұясы туралы айтайық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде желдей есіп кеткен осы ақпарат елді елең еткізді. Қора-қораны аралап, тау-тасты кезіп елдер әлгі жарқанаттың ұясын іздеп әлек болып жатыр. Арабтар оны мәңгілік жас болудың рецептісі бар сұйықтығы үшін алады екен деген қауесетті естіп алып шыр-пыр болып қызу іздеп те кеткендер қаншама?! Осыдан алдын «СССР» деген жазуы бар кір тасын іздеп едік, енді жарғанттың ұясын іздеуіміз қалып еді. Толығырақ айтайық. 


«Жарқанат» дегенде бірден көзге қараңғы жерлер, иесіз қалған үйлер мен қаңырпа бос қалған қоралар еске түседі. Аралап, іздеп бағасың. Жарқанаттың өзін табуын табасың ғой. Ал, ұясы ше? Ұясын қайда жасырды екен? Кезінде перғауындар ішкен осы мәңгі жас қылып сақтайтын дәріні қайда тығып ұстайды екен деп ойлайтыныңыз анық. Әлеуметтік желіде оның ұясын саттық деп ақшаны сартылдатып санап, мол табысқа кенелге видеолар да көбейген кезде көзіміз қызығып, алтын уақытты соған арнап, мәңгі жас болғымыз келіп қапты-мыс. Сөйтсек, жарғанаттың ұясы болмайды екен. Масқара ма?!

Негізі, жарқанаттар қолқанаттылар отрядының бір тармағы екен. Ол өзінің баласын тура тышқандар секілді туады және жаңа туған баласы оның денесіне жабыса ұстап алады екен. 1 айдан соң ұшуға бейім болады. «Ұя» деген атымен болмайды. Отандық БАҚ өкілдері ізденіп, ақыры жауабын тапты. Әлгі біздер көрген бейнежазбадағы жарғанаттың ұясы дегеніміз араның ұясы болып шықты. Сорақысы сол, еліміз ізденуден қалған. Тіпті, арабтарға ұя сатамын да мол байлыққа кенелемін деп әлгі жарқанаттың ұясын іздеуге құныққандарға деп сыбайластар жедел түрде ақша керектігін желеу етіп, бірден 3-4 ұяны 5000 долларға сатамын деп хабарландыру береді. Аңқау жұрт алданып, ақырыныда арабтардың алмайтынын біледі де ах ұрып, санын соғып қалады. Бары сол. Алматы базарларында әлгі «шарик» ойнынын ойнатып жатқандардың жанына барсаңыз 4-5 адам ылғи қоршап тұрады да елді жинау үшін бірде ұтылып, бірде ұтып тұрады емес пе? Сол секілді, елді тарту үшін неше түрлі бейне жазба түсіріп, көзді арбағандардың айласы асты біршама адамға. Алтын уақыты ұрлағаны былай тұрсын, ақшасын беріп аңырап қалғандарға не дерімізді де білмейміз.

Адамның нәпсісі ұйқы мен тамаққа тоймайтыныны секілді санасы да ізденуге, білім алуға құштар болмағы керек. Болмаса нәпсі билеп, ақыры сізді құрдымға діберуі мүмкін. Біреу-міреу жарқанаттың ұясын аламын десе сене көрмеңіз ендігіде. Ескерте кететін бір жайт бар, алда-жалда «сауысқанның ұясын сатып аламын» десе иланбаңыз. Жарқанат секілді сауысқан да «жалдамалы пәтерде» тұрады!