COVID-19

Мамин: "Халықты жаппай вакцинациялау керек"

Бұл үкіметтің басты және негізгі міндеті деді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың селекторлық отырысын өткізді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Республика «жоғары қауіптілік аймағына» кірді, 8 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Күн сайын 1,5 мыңға жуық жаңа сырқаттану жағдайы тіркеледі, репродуктивтік көрсеткіші – 1,14. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 31%, реанимациялық – 20%.

«Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакцинациялауды денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті», - деді Мамин.