Әлем жаңалықтары

Садыр Жапаров Қазақстан туралы пікірін білдірді

Ол бізбен "тарихымыз да, тағдырымыз да" бір деді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстанмен болашақтағы қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жапаровтың сөзінше, Қазақстан мен Қырғызстан байланысы одан әрі нығая түспек.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ішкі саясаттың негізгі бағыты туралы айтты. 

"Пандемия кезіндегі Қазақстан мен Өзбекстанның көмегін айтпай кетуге болмайды. Бұл елдермен тарихымыз да, тағдырымыз да бір. Біз көрші елдермен, Орталық Азия елдерімен және Түркиямен жан-жақты қатынастарды нығайтуды жалғастырамыз", - деді Жапаров. 

Еске салайық, бүгін 28 қаңтарда Қырғызстан президентін ұлықтау рәсімі болып жатыр.