Экономика
Соған қарамастан Қазақстанның темір жолы жүйесі әлі артта қалып жатыр
ҚР Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы жыл сайын мемлекеттен қомақы субсидия алса да, әлі қарызынан құтыла алмай келетінін айтады. Мұны Bugin.kz платформасы KazTag-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Сенатордың айтуынша, темір жол саласының бас операторы – Қазақстан темір жолының ішкі қарызы 1,9 трлн теңгені құрайды.
"Ал соңғы бес жылда бұл компания бюджеттен 171 млрд теңге субсидия алған. Соған қарамастан қаржылық жағдайын түзей алмай отыр", - дейді Сағындық Лұқпанов.
Оның айтуынша, ҚТЖ темір жол инфрақұрылымымен бірге әуе және теңіз жолдарын үйлестірумен айналысады. Астана қаласының халықаралық әуежайы мен Ақтаудағы теңіз порты, Хоргостағы автожол секторы дәл осы компанияға қарайды.
Ал 2017 жылы Қазақстан темір жолы Астанадағы әуежайды күтіп-баптау үшін бюджеттен 27,5 млрд теңге, 2019 жылы арзан тарифпен темір жол арқылы жүк тасымалдау үшін кеткен шығынның 78%-ын үкіметтен алған. Тағы 46 млрд теңге жолаушы локомативін қаржыландыру мемлекеттен көмек ретінде алған.
"Соған қарамастан Қазақстанның темір жолы жүйесі әлі артта қалып жатыр. Мәселен, Өзбекстанда 2011 жылдан бері 250 км/сағ жылдықпен жүретін жүрдек бар. Ал Қазақстандағы ең жылдам пойыз – 160 км/сағ. Электрлі линиялардың саны да аз", - деп қосты Лұқпанов.