Bugin
Мақсатқа жетудің 5 жолын қарастырамыз
1.Ерте тұрыңыз.
Ерте тұру арқылы жоспарларыңыздың тез орындалуына жол ашасыз. Егер жетістікке жеткім келеді десеңіз, 21 күн бойы ерте тұруды әдетке айналдырыңыз;
2.Қайтпас қайсар болыңыз.
Алдыңызға мақсат қойдыңыз ба, ешнәрсеге қарамай жетіңіз. Сәтсіздіктерден қорықпаңыз. Бір есік жабылса, екінші есік ашылатынын естен шығармаңыз;
3.Ең дұрыс шешім қабылдап үйреніңіз.
Кез келген жағдайда асықпай, саспай, ой елегінен өткізіп барып шешім шығарыңыз;
4.Өміріңізді бақылауда ұстаңыз.
Жан-жағыңыздағы адамдардың пікіріне, негативке еш мән бермеңіз. Егер жетістікке жетіп, арманым орындалсын десеңіз, ойыңыздан жаман нәрселерді алып тастаңыз;
5.Арман. Мақсат. Жоспар.
Армандап қана қоймай, мақсат қойып, жоспар құрып іске кірісіңіз. Өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпай, алға қарай жүріңіз.