Bugin

Тоқаев құрған агенттіктің басшысы тағайындалды

Қаржы министрлігінің бір бөлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастама көтеріп құрған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы боп Жанат Элиманов тағайындалды", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған қаулыда.

Жанат Элиманов 2020 жылдың қаңтарынан бері ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінде. Оған дейін комитет төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болған.

Айта кеткен жөн, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтар күні өткізген үкімет отырысында экономикалық қылмыспен күресетін жаңа агенттік құру туралы тапсырма берген еді.

Ал 28 қаңтар күні қаржылық мониторинг жөніндегі агенттікті құру туралы қаулыға қол қойды.