Bugin

Кенесары ханның шөпшегі шіркеу қызметшісі атанды

Кенесары ханның үш ұйықтаса да түсіне кірмеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кенесары ханның ұрпағы православ шіркеуінің дінбасы атанды. Бұл жайлы Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза айтты.

"Бұл иеромонах – Серафим әкей. Шын есімі – Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы. Айтпақшы Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар", – деп жазады Нұртаза Facebook-те.

Кенесары ханның шежіресі былай тарайды: Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан – Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді.