Экономика
Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын қалай аласыз?
«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, ипотекасыз толық сатып алу бойынша кеңес берді. Сатып алу-сату шартын рәсімдеу мерзіміне назар аудару керектігін ескертті деп хабарлайды Bugin.kz платформасы банктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Тұрғын үй сатып алғысы келетіндер үшін «Отбасы банк» төмендегідей кеңес береді:
-Сатушыға кепілпұлды (алғашқы төлем/пәтер құнының бір бөлігі) бір жолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотыңызға түскеннен кейін ғана беруге кеңес береміз.
-Сатып алу-сату шартын рәсімдеу күні нотариусқа Арнайы шоттыңыздың үзінді көшірмесін көрсетіңіз. Күні мен уақыты көрсетілген үзінді көшірмені ЖССБ 24 мобильді қосымшасынан жүктеп алуға болады.
-Зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алу-сату шарттарын рәсімдеген кезде Қазақстан нотариустары соманың екінші бөлігі БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін ғана сатушының жеке шотына түсетінін көрсетеді.
-Сіздердің арнайы шоттарыңызға ақша түскеннен кейін ғана сатушымен мәміле шартына қол қоюға ұсынамыз.
«БЖЗҚ-нан сіздің шотыңызға қаражат түскеннен кейін, баспана іздеуге, сатып алу-сату шартын жасауға және оны www.enpf-otbasy.kz платформасына сканерленген түрін салу үшін, және сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемері бойынша қаражат аударуға 45 жұмыс күні беріледі.
Отбасы банкі – мақсатты қолданылуы бойынша тапсырылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде тексеріп, біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсаты бойынша аударады.
Баспананы "Ипотекасыз толық сатып алу" мақсатын таңдаған кезде "5 жыл иеліктен шығаруға шеутеу" қолданылмайды, яғни болашақта сіз сатып алынған тұрғын үйді шектеусіз басқара аласыз.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша барлық шаралар тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады», - делінген «Отбасы банк» хабарламасында.