Саясат

Қазақстан Ресейден миллиардтарға вакцина сатып алмақ

Қазақстан ресейлік вакцинаны кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде 18-қаңтардан бастап жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егу басталды. Қазақстан да ресейлік "Спутник V" вакцинасын сатып алмақ.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алуға 16,8 млрд теңге қаржы бөлінбек. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов  пресс-конференция барысында мәлімдеді.

«2021-жылдың бюджетінде 50 миллиард теңге қаржы 10 миллион адамға вакцина алу мақсатында қарастырылған. Оның ішінде отандық, ресейлік және өзге елдің де вакциналары болуы мүмкін. Екі миллион доза «Спутник V» вакцинасын 20 доллардан алсақ, бұл шамамен 16,8 млрд теңгені құрайды» деді Шоранов.

Вакцинаның бағасы 20-26 доллар арасында болуы мүмкін. Ол вакцинаны тасымалдау мен басқа да факторларға байланысты.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61