Bugin
Whatsapp сервисіне деген сенім жоғалды
Whatsapp-ты қолданбайтындарды ескерсек, енді 25 миллионы telegram, 7,5 миллион адам Signal желісіне көшкен. Signal желісін осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ Орталық барлау басқармасының қызметкері Эдвард Сноуден «ең қауіпсіз» сервис деп атап өткен.
"Whatsapp желісінен жаппай басқа сервистерге көшудің басты себебі – қызметтік жаңартулардың дұрыс құрылмауы" дейді журналистер. Көптеген қолданушы желідегі жеке чаттардың қаралымына қатысты сенім жоғалғанын, желінің қауіпті екенін айтқан.
Whatsapp желісі тікелей Facebook-ке бағынатыны туралы жаңалық жарияланғалы бері желі өзінің қолданушыларын күннен күнге жоғалтып жатыр. Сол үшін 2021 жылдың 8 ақпанында енгізілуі тиіс өзгерістер 15 мамырға ауыстырылған. 8 қаңтардағы келісім бойынша Whatsapp желісіндегі ақпарат, соның ішінде геолокациялық мәліметтер де Facebook желісінде жарияланып отырады. Ал Whatsapp-тағы бұл өзгерістер адамдарға қай қаладан және не керек екенін, талғамын біліп, сол арқылы қандай жарнаманы көрсету керек екенін талдау үшін қажет деп түсіндірді. Бірақ маркетингтік жоспарлар қолданушылар санын азайтпаса, көбейтер емес.
Әйгілі бизнесмен Илон Масктың да Signal желісіне тіркелгенін атап өту керек.