Bugin

Ұйықтаудың да шарты бар...

Күнделікті ұйықтаудың да денсаулыққа әсер ететіні анық. Бірақ сіз білмейтін ұйықтаудың да алғышарттары бар екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұйқыңыз қанбай, өзіңізді күні бойы шаршаңқы сезініп жүрсеңіз, бұл мақала сізге арналады.

  • Ұйықтар алдында бөлмеңізді желдетіп алыңыз. Бұл ауадағы вирустар мен бактериялардың мөлшерін төмендетеді. Әрі сергек оянуға көмектесіп, жақсы дәрумендер бөледі.
     
  • Жатар алдында 3-4 сағат бұрын кешкі асты ішіп алыңыз. Ал кейін айран ішуді әдетке айналдырыңыз. Бұл тек асқазан жұмысын жақсартып қоймай, ұйқыңыздың тыныш болуына әсер етеді.
     
  • Контрасты душ қабылдауды ұмытпаңыз. Бұл күні бойы жиналған шаршаңқылықты басып, жақсы ұйықтауға көмектеседі.
     
  • Уақытымен ұйықтауға тырысыңыз. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз.
     
  • Ұйықтар алдында жақсы ойлап, тіпті серуендеп қайтыңыз. Бұл пайдалы гормондардың бөлінуіне әсер етеді екен.
     
  • Ұялы телефон және басқа да гаджеттерді ұйықтар алдында көруден аулақ болыңыз. Себебі ол көздің жұмысын баяулатып, ұйқыңызды бұзуға әкеліп соғады.

P/s: Міне, оқырман, ұйықтаудың да алғышарттары бар екен. Бұл шарттарды орындап, денсаулығыңызға қараңыз.