Қоғам
Ол бұл туралы үкім шығарылған күні айтты
Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов партия ашқанын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Келешекте ашамын деп ойлағанмын, бірақ менің мемлекетім бұл процесті жылдамдатты. Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады. Партия халықтың дауысын есту үшін құрылды! Біздің мемлекетіміздің басты проблемасы – олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елміз ғой", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол партия есігі бәріне ашық екенін, әркім де қосыла алатынын мәлімдеді. Жазбасына ол #Партия_Единый_Казахстан хештегін қойған.