Bugin

Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылы Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы қала әкімдігінің сайтына сілтеп хабарлайды.

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың айтуынша, қоғамдық көліктер 6 автобус тұрағына орналастырылған. Олардың бірі – коммуналдық, қалғаны – жекеменшік. Қала бойынша 91 маршрут жүреді: 66 қалалық, 24 шалғай мекендер үшін. Күн сайын 800-ден астам автобус қызмет етеді. Оның 739-ы қалалық маршрут.

"2020 жылы біз қаланың бағыт-бағдар желісін жаңарттық. Өйткені елорда көркейіп келеді. 4 жаңа маршрут іске қосылды, 16 автобус жаңарды. Қаладағы қолжетімсіз аймақтарды қамтамасыз еттік. 2021 жылы 8 жаңа қалалық маршрутты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа шалғай аумаққа 3 қысқа маршрутты іске қосу жоспарда бар" деді Е.Қизатов.

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылы қала 100 электр автобусын сатып алды. Бұл қоғамдық көліктердің экологияға әсері жоқ. Атмосфераға зиянды заттарды шығармайды.