Bugin
Одақ елдерінде тұрақтылық жоқ
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қашан ортақ валюта енгізілуі мүмкін. Бұл сауалға Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі Евгений Винокуров жауап берді. Мұны Bugin.kz платформасы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Винокуровтың айтуынша, ЕЭО елдеріне ортақ валюта енгізуді қолға алу әлі ерте.
"Бұл сауалға жауап беру үшін іргелі зерттеу жұмысын жүргіздік. Қазір ортақ валютаны енгізу – евраза, алтын болсын бәрібір – одақ елдерінің жалпы ішкі өніміне кері әсер ететін анықтадық", - деді ол ЕЭО-ның ұлттық валютасының рөлін арттыру туралы онлайн-таныстырылымда.
Оның айтуынша, одақ елдерінің ішкі тұрақтылығы орнап, сауда-саттық көлемі артқан, ақша-несие саясатын үйлестірген, валюта нарығын реттеуді бір жүйеге келтірген кезде ғана ортақ валютаны енгізу жайлы мәселе қозғауға болады.
"Еуразиялық экономикалық одақ дамыған сәтте ғана, аталмыш мәселеге оралуға болады деп ойлаймын. Ал әзірше бұл күн тәртібінде жоқ мәселе", - деп түсіндірді ол.
Айта кеткен жөн, Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан елдері енеді.