Спорт

Израиль Қазақстан ұлттық құрамасын елге кіргізбей қойды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 іріктеу кезеңінде Израильмен кездесуін кейінге қалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің құрамасы  28 қаңтар Тель Авив қаласында өтетін матчқа ұша алмай қалды. Оған Израиль елінде коронавирустың күрт өсуінен халықаралық Бен-Гурион аэропортын бір аптаға карантинге жабуы себеп болды.

Қарсылас ел шекарасын уақытша жапқандықтан, алдағы уақытта матчтың қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз. Дәл қазір УЕФА Қазақстан және Израиль футбол федерацияларымен келіссөз жүргізіп жатыр.