Bugin
Ресей вакцинасымен отандық екпе де қолданылады
Қазақстанда дүйсенбі, 1 ақпаннан бастап коронавирус вакцинасын жаппай егу науқаны басталды.
Кеше Ресейден "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы елге жеткізілді. Айдың ортасына дейін Ресейде өндірілген вакциналар қолданылса, одан кейін Қарағандыда өндірілген ресей препараты қолданылады.
Ал наурыз айында ресей вакцинасымен бірге отандық "QazCovid-in" екпесі қолданысқа енеді.
Вакцина екпе салдырғысы келгендерге ғана беріледі. Мәжбүрлеу жоқ.
1 ақпаннан бастап ең алдымен дәрігерлерге жаппай екпе салынады. Екінші кезеңде, наурыз айында мұғалімдер мен жоғары оқу орны оқытушыларына екпе жүргізіледі.
Ал үшінші кезеңде – 1 сәуірден бастап мектеп-интернет, балалар үйінің қызметкерлері мен созылмалы ауруға шалдыққан студенттерге екпе салынады.
Жылдың соңына дейін Қазақстанның 6 млн азаматына екпе салу көзделуде.