Денсаулық

Коронавирусты емдейтін өнімдер туралы қауесет қаншалықты рас?

Коронавирус халық арасында тарағаннан бастап кейбір саудагерлер халықты барынша алдауға тырысып бақты. Себебі халық арасында вирусты емдейтін өнімдер жайлы қауесет тарады. Дегенмен дәрігерлер мұндай қауесеттерге сенбеуге шақырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1-қауесет: Коронавирусты борсық майы мен иттің майы емдей алады

Жалған

Коронавирусты емдеуде ешқандай майдың әсері жоқ.Саудагерлер халықты "Бұл майлар денеге оңай сіңетіндіктен суықтан қорғайды" деген жалған мәліметпен сендіреді.Дегенмен медицинада адамдарға бұл майларды тұтыну өте қауіпті дейді. Борсық майы ағзадағы инфекциялық ауруларын қоздырады.Онымен қосаборсық майлары қолжетімді бағада кеңінен сатылып жүр.

 

Негізінде борсық пен ит сойылатын жануар түріне жатпайды. 2014 жылы Алматы облысында тұмау мен суық тию белең алған кезінде Ветеринария инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Серік Сембаев аталған жануарлардың өнімдерін пайдалуға тиым салынғанын атап айтқан.

2-қауесет: Қазақтың ұлттық сусындарына  жататын қымыз бен шұбат - коронавирусқа қарсы ең үлкен қару 

Жалған

Қазақтың ұлттық сусындары қымыз бен шұбат адам имунитетіне әсері ерекше екендігі рас.Коронавирус жұқтырған адам қымыз бен шұбатты қолданса болады. Себебі вирус ең бірінші адам имунитетін төмендетеді . Ал витаминге толы бұл сусындар имунитет көтеруде үлкен септігін тигізеді. Құрамында С,В1,В2,В12 дәруменіне толы сусындар коронавирус жұқтырмаған адамға кішкене болса да көмегін бере алады. Оған себеп имунитет вируспен күресу үшін мықты болғаны дұрыс. Дегенмен вирустан тек осы сусындармен өз бетінше арылу деген пікір – жалған.

3-қауесет: Коронавирусқа қарсы зімбір (имбирь) ем бола алады

Жалған

Коронавирус белең ала басталғаннан бастап зімбір бағасы шарықтап кеткен болатын. Шынында зімбір құрамы имунитет көтеретін В дәруменіне бай екендігі рас.

Дегенмен вирустың емі зімбір емес. Зімбірді  егер көп тұтынған жағдайда бауырында өті бар,асқазан ауруымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті өнім екені дәлелденген.

4-қауесет: Ішімдік вируспен күресуге қабілетті

Жалған

Ішімдік ішу вирусты одан сайын қоздырмаса, ем болмасы сөзсіз. Ішімдік вирусты өлтіреді деген тек аңыз ғана .Ішімдікті шектен тыс қолданып бауыр ауруына шалдығу қауіпі бар.Тіпті имунитетті төмендетеді.