Қоғам

Баланы өзіңде қалдырсаң, үй – сенікі

Ажырасу қоғамда тансық дүние емес. Ажырасқаннан кейінгі мүлік бөлісу мен баланың кімде қалуына соттасу қазір қоғамдық проблемаға айналды. Ортада бала бар отбасылардың ажырасуынан кейін баланың жауапкершіліген бас тартуы, балалар үйінің санына өсуіне тікелей қатысы бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Ажырасудың баланың психикасына әсері қаншалықты?

 Ажырасудан кейін балалар қиын жағдайға тап болады. Психолог мамандар ажырасудан кейін баланың қандай күйде екенін анықтау үшін сурет салу сынақтарынан өткізеді. Көбіне балаларға сурет салдыру арқылы оның мінез-мұлқын тез аңғарады. Эксперимент нәтижесінде көп балалар «ата-анам менсіз бақыттырақ болады» деген ойда болатыны дәлелденген. Ажырасудан кейін қалыпты өмірге түсу үшін әйел де, ер азамат та, бала да күйзелістен өтеді. Ересектер мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеті және балалардың үйден қашуы немесе үйге қонбай бақытты сырттан іздеп жаман жолдағы балалардың айтқан ақылына еріп кетуі көп кездесіп жатады.

Ажырасудан кейінгі баланың болашағы?

 Ажырасудың құрбаны болған бала кейін болашағында осы өмірді қайталауы әбден мүмкін.Толыққанды отбасында өспегендіктен де тәрбие бәрібір басқаша болады. Егер өгей әке не өгей шеше ортада болса, бала болашағында көп кедергіге тап болуы әбден мүмкін. Толық емес отбасында өскен бала, толық отбасында өскен балаға қарағанда өзін кем санап өседі. Ажырасудан кейін баланың өмірінде қорқыныш сезімі басталады. Ол өмірінде болатын өзгерістерге алаңдайды және айналасындағы адамдардан үйіндегі мәселесі үшін қысылып, ұялады. Бұның барлығы оның өсе келе мінезіне тікелей әсер етеді.

 Ата – ананың өз бақыты үшін баладан бас тартуы.

  Көбіне 30 жасқа дейінгі азаматтар мен азаматшалыр 2-рет некеге тұру үшін баладан өзідері бас тартып жатады. Мүлік бөлісуден бөлек қазіргі күнде баланы бөлісу мәселесі ең бір проблемалық жағдай болып отыр. Үй мәселесімен қатар, баланы бөлісу үшін сот шешімі үнемі ұзаққа созылады. Ал егер екі жақ келісіп бала да, мүлік те бір адамның жағында қалар болса, ажырасу соңы тыныш аяқталады. Сол үшін «баланы өзіңде қалдырсаң, үй сенікі» деп кейбір ата-ана сотты ұзаққа созбай, тез арада шешеді.

 Ажырасу барысында балалар ата-ана арасындағы жанжалды көргісі келмей, оны елемеген күйде болады. Демек араларындағы ұрысты көрмегенсіп "Бәрі жақсы. Неге ажырасу керек?" деген ойға келеді. Себеп ата-аналары қайта қосылып барлығы бұрынғыша болар деген үміттің болғандығында. Ажырасудың құрбаны болып ортада бала қалады. Ал оның болашағы жақсы құрылуы үшін оған бақытты балалық шақ қажет.