Bugin

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

Канаданың Калгари аймағы 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізе алмайды. Сондықтан Қазақстан қысқа мерзімде чемпионатты өткізу ұсынысын қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

8-1 наурыз аралығында Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді. Спортшылар могул және акробатика бойынша бақ сынайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Olympics-қа сілтеп хабарлайды.

«Біздің басты міндетіміз – әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырумен қатар турнирге қатысушылар үшін де, қала тұрғындары үшін де қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету» деді Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті Диас Сүлейменов.

Қазақстандық команданы олимпиада ойындарының жүлдегері Юлия Галышева басқарады. Спортшы мұндай спорттық іс-шаралардың Қазақстанда өтуі фристайлдың дамуына үлес қосатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Шымбұлақта" халықаралық шаңғы спорты бойынша чемпионат 2 рет өткізілген.

2020-2021 жылғы спорт маусымы спортшылар үшін маңызды. Өйткені осы кезеңде олар 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін жолдама алады.