Қоғам
Мәдениет нысандары жұмысын жалғастыра береді
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәдениет нысандарының жұмыс жасауына рұқсат берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
1 ақпаннан бастап театрлар мен кинотеатрларға 30 адамға дейін кіруге рұқсат етіледі, яғни залдың 20%-ын толтыруға болады. Монша қызметіне уақыт шектеусіз рұқсат етіледі. Жексенбі күндері тыйым салынған сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер 6-дан кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орталықтары мен сауда үйлері демалыс күндері таңертегі сағат 10-нан 23-ке дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы керек еді. Алайда Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өту себебімен қаулы жойылды.