Денсаулық

"Ұры мүлкіңді ұрлауы мүмкін, бірақ...". Гуптадан 5 кеңес

Нейрохирург ми жұмысын жақсарту үшін не істеу керектігін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нейрохирург әрі жазушы Санджай Гупта ми жұмысын жақсартудың 5 жолын атады.

Үнемі қозғалыста болыңыз

«Күнделікті жаттығулар тәннің ғана емес, мидың саулығы үшін де қажет. Физикалық қозғалыс пен мидың құрылымы арасындағы байланыс күшті екенін біліңіз», - деді Гупта.

Егер спортпен айналысып жүрсеңіз, жарайсыз! Бірақ, күнделікті бір қимылды немесе бір жаттығу жасай бермегеніңіз абзал. Бүгін жүгірсеңіз, ертең жүзіңіз, басқа күні велосипед айдаңыз.

Ал спортқа жақын болмасаңыз, бүгіннен бастаңыз. Үлкен стадионды бірден жүгіріп кетпей, физикалық күшке салмақ салмайтын жаттығулардан бастаңыз.

Егер спортқа уақыт арнай алмасаңыз, жай ғана серуендеп тұрыңыз. Жаяу. Телефонмен әрі-бері жүріп сөйлесіңіз. Лифтіден гөрі, баспалдақ қолданыңыз.

Білім алыңыз

Күнделікті оқу, іздену – ми жұмысының жақсаруына таптырмас мүмкіндік. Гупта төмендегідей кеңес береді:

-салаңызға қатысы жоқ кітаптарлы оқыңыз;

-сурет салыңыз, аспаздық немесе өзге де курстарға қатысыңыз;

-кітап оқу немесе жазушылар тобынан қалмаңыз;

-тіл үйреніңіз.

Өзіңізді бос ұстаңыз

Адам тек тәнін ғана емес, миын да босаңсытуы тиіс. Мәселен, ұйқының қанбауы есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Артық күйзеліс оқуға, ізденуге деген ниетті азайтады.

Миыңыздың демалуына жағдай жасаңыз. Гупта бір тәулікте кемінде 7 сағат ұйықтауға кеңес береді. Сонымен қатар:

-Ұйқыға жатар алдында кешкі асты 3 сағат бұрын ішкеніңіз жөн;

-14.00-ден кейін кофеин қолданбаңыз;

-Ұйықтау мен оянуға қатысты режим сақтаңыз;

-Ұйықтар алдында ванна қабылдаңыз және кітап оқыңыз;

-Бөлмеңіз қараңғы әрі тыныш болуын қадағалаңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз

Гупта бүй дейді: “Патша секілді таңғы ас ішіңіз, ханзада секілді түстеніңіз, шаруа секілді кешкі асқа кірісіңіз”. Кей тағам түрлерінен диета үшін бас тарту ми жұмысын әлсіретеді.

Сонымен қатар SHARP әдісін ұстануға кеңес берді:

S: қант қолдануды азайтыңыз;

H: су ішіңіз;

A: Омега-3 дәруменін және табиғи өнімдерді көбірек пайдаланыңыз;

R: азден тамақтаныңыз;

P: тамақтануды алдын-ала жоспарлаңыз.

Гуптадан тағы бір қарапайым кеңес: “Жемеңіз, ішіңіз!”

Көпшіл болыңыз

Жақсы қарым-қатынас миға дәрумен екенін барлық ғалым дәлелдеген. Гуптаның сөзінше, өзге араластықтың жиі болуы мидың жаңа ақпаратқа жылдам бейімделуіне және танымдық қабілеттерінің сақталуына септігін тигізеді.

Көптен көріспеген достарыңызбен кездесіп, жаңа таныстықтар ұйымдастырудың да көмегі зор. Әрі алыс-жақын туыстармен де қарым-қатынасты үзбеуге кеңес береді.

Санджай Гупта балалық шағындағы бір эпизодты ешқашан ұмытқан емес: Гуптаның әкесін тонап кетеді. Бұл жағдай өмірлеріне қатты әсер етіпті. Жылдар өте келе Гупта отбасындағы қиындықтарды ұстазына айтып береді. Сонда ұстазы былай деген екен: “Ұрылар сенің мүлкіңе қол сұғуы мүмкін. Бірақ санаңды ешкім жұлып әкете алмайды”.