Bugin
Көлігі барлар жүргізуші куәлігінсіз жолға шыға алады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жүргізушілерге жүргізуші куәлігін және техникалық төлқұжатын өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Түзетулер жүргізушіні куәлігін немесе техникалық төлқұжатын үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұлдан босатады.
Заң бойынша, жүргізуші өзінің жеке жүргізуші куәлігін немесе техникалық төлқұжатын үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұлдан босатылады.
Полиция қызметкерлері азаматтардың құжаттарын жеке куәлік арқылы өздерінің электронды деректер базасымен тексереді.
Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61