Қоғам

Марк Кьюбан 35 жаста зейнетке қалай шықты?

Миллиардер Марк Кьюбанның 20 жасы қиын өтті. Бір пәтерде 6 адам тұрды, еденде ұйықтады, жарық болмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сол кезде ол алдына мақсат қойды. “35 жасымда зейнетке шығып, әр күнімнен ләззат алатын боламын” деді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы CNBC басылымының ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Кьюбанның өзі оқиғасын “Raising The Bar” подкастында былай баяндады:

“Жұмысқа орналасқаннан бастап 35 жасымда зейнетке шығамын деп алдыма мақсат қойдым. Ойлап қараңызшы, адам өмірінде бәрін сатып ала алады, тек уақытты емес. Ал мен уақытымды тек өзіме арнағым келді. Мақсатыма жету үшін біраз дүниені құрбан етуге тура келді”.

Миллиардердің мұндай мақсатының туындауына Пол Терхостың «Cashing in on the American Dream: How to Retire at 35» («Американдық арманға ақша төлеу: зейнетке қалай 35 жаста шығуға болады”) атты кітабы себеп болған. Кьюбан кітаптан мынадай түйін жасайды: “Егер студент секілді өмір сүріп, $1 миллион үнемдесеңіз, зейнетке ерте шығуға болады”.

Түбі оның ойы нәтиже берді. 1990 жылы 30 жасында MicroSolutions CompuServe $6 миллионға сатып, зейнетке шыққан.

“American Airlines әуекомпаниясынан өмір бойына билет сатып алдым. Әлемді шарладым, қыдырдым, көңіл көтердім. Бірнеше жыл рок-жұлдыз секілді тіршілік етті”, - деді Bloomberg-ке берген сұхбатында.

5 жылдан соң досы Тодд Вагнер екеуі Broadcast.com сайтының негізін қалайды. 1999 жылы оны Yahoo $5,7 млрд-қа сатып алады.

“Бұдан кейін мен өз жағдайымды пайдаланып уақыт ұтуға болатынын түсіндім”, - деді кәсіпкер “888-Барбара” подкастына берген сұхбатында.

“Көбірек төлеу арқылы мен процесті жылдамдата аламын. Бұл өте маңызды, өйткені уақыт – сатып алуға немесе қайтаруға болмайтын жалғыз актив. Көп ақша табуға тырысуды қойғалы қашан... Ақшам жеткілікті және мен бүгінгі уақытымды келесі табатын доллардан гөрі жоғары бағалаймын

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61